09:43, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Елордада аула клубтары фестивалі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы аула клубтарының тәрбиеленушілері ҚР Конституция күні өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль осымен төртінші рет ұйымдастырылп отыр, деп хабарлады astana.kz.

Биыл шараға «Архат», «Абдукар», «Асар», «Арман», «Шағала», «Есіл», «Жеңіс», «Момышұлы» және «Сұңқар» клубтары қатысты. Мерекелік шара барысында балалар ерекше би билеп, ән айтса, келушілер спорттық жарыстар мен ойындарға, викториналық сұрақтарда өз білімдерін сынады. Игі дәстүрге айналған фестиваль жыл сайын өткізіліп, қала тұрғындарын дарынды балалардың шығармашылығымен танысты. Биылғы шараның мақсаты - Конституция күні мерекесінің маңыздылығын атап өтіп, балалардың азаматтық-құқықтық білімін дамыту және олардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін қалыптастыру.