Елордада аула клубтарын дамытудың бірыңғай тұжырымдамасы қабылданады

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада аула клубтарын дамытудың бірыңғай тұжырымдамасы қабылданады,
None
None

деп хабарлады қалалық жастар саясаты мәселелер басқармасының баспасөз қызметінен.

«29 мамырда Астанада қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңестің жаңарған құрамына аудан әкімдері, ЖОО-лардың ректорлары, жастар ісі комитетінің, жастар ұйымдары мен мүдделі өкілетті органдардың өкілдері кірді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, алқалы жиын барысында аула клубтарын дамытудың бірыңғай тұжырымдамасы қабылданатындығы мәлім етілген. Бұл клубтардың жұмыстарын жақсартып, оларға жасөспірімдер мен жастарды және педагогтерді молынан тартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар