Елордада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау қайырымдылық марафоны басталды

Жүгіру
Фото: Виктор Федюнин/kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Елордадағы Триатлон паркінде «Run for autism» қайырымдылық марафоны басталды.

Марафонға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, танымал боксшы Василий Левит сынды есімі белгілі азаматтармен қатар екі мыңнан астам адам қатысып жатыр. 

Марафон
Фото: Виктор Федюнин/kazinform

Сенат спикерінің атап өтуінше, мұндай шараны өткізу өте маңызды. Өйткені аутизм сынды проблема еліміз үшін аса өзекті. Осы ауруға шалдыққан адамдарға көмек көрсету, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды. 

Жүгіру
Фото: Виктор Федюнин/kazinform

«2 323 адам, оның ішінде 1 098 ер адам және 1 100-ден астам әйел адам тіркелді. Адамдардың көптеп қатысуы мол үлес саналады. Өйткені түскен қаражат балабақшалар мен мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға жұмсалады. Сонымен қатар бұл шара аутизм жайлы білуі үшін өткізіліп отыр. Аутизмге шалдыққан балалар да кез келген бала сияқты мектепке, балабақшаға барып, білім алғысы келеді», - деді «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан. 

Жүгіру 1, 2,5, 5 және 10 шақырымда өтеді. Қатысу құны - 5 990 және 8 990 теңге.

Астана
Фото: Виктор Федюнин/kazinform

Форматы: онлайн және офлайн. Жүгіруге кәсіби спортшылар, желаяқтар, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысып жатыр. Онлайн арқылы 14 адам тіркелген, олар еліміздің 8 қаласында жүгіреді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum