11:34, 18 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елордада ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі ашылды
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Ауыл береке» деген атпен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтуде,

деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңке қаланың үш нүктесінде, Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарында орналасқан «Әлем» супермаркеті, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Шапағат» коммуналдық базары аумағында. Сауда кешкі сағат 6-ға дейін жалғасады.
Онда Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өнімдері ұсынылады.
Астана әкімдігі бұндай іс-шараның ертең, сондай-ақ қыркүйектің 25-26-сы, қазанның 2-3-і күндері де ұйымдастырылатындығын естеріңізге салады.