Елордада ауыл шаруашылығындағы тәжірибелерге арналған орталық құрылады
Консорциум туралы шартқа үш ұйым қол қойып отыр. Олар: Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Ұлттық биотехнология орталығы және А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-тәжірибелік орталық.
Олар жаңа құрылымның аграрлық ғылым үшін, оның ішінде жас ғалымдар үшін тартымды мекемеге айналарына үмітті.
Зертханалық жұмыстарды Ұлттық биотехнология орталығы ғимаратында жүргізу көзделген. Ол жерде астық түсімін, түрлі дақылдардың құрғақшылыққа төзімділігін арттыру бойынша зерттеулер жүргізілетін болады. Демонстрациялық-көрме алаңы Бараев атындағы институтта орналасады. Онда негізінен астық дақылдары өсіріледі. 5 мың гектар алаңның 3 мың гектары тәжірибе жасау үшін беріледі.
«Соңғы уақытта ғылым өз бетімен кетіп, өндірушілермен тікелей байланыс үзіліп қалды. Біз қандай да бір жүктемені жүзеге асыруға ниеттіміз. Проблемамыз да шаш-етектен. Олардың қатарында кадрлардың қартаюы, жас ғалымдардың келуінің қысқаруы, жұмыс мәртебесінің төмендігі бар. Жас ғалымдар болашақ көріп отырған жоқ, қайда бару керек, қалай өсу керектігін білмейді. Ішкі процестер барлық уақытта бірдей әділ болмайды. Кейде талантты жас ғалымдар өзінде болуы тиісті қаржылық ресурстарға жете алмай жатады. Мен үшін жүйеміздің келешегі бар екенін көрсету және оған мүмкіндігінше талантты ғалымдарды тарту барынша маңызды», - деді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы Ұлан Тәжібаев.