Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері қазан айының соңына дейін өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен 2015 жылдың 22 тамызынан бастап әр демалыс сайын «Мега» ойын-сауық орталығының алдында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді.
Сондай-ақ тауарлар нарықтық бағадан 35-40 пайызға арзан сатылады.
Аталмыш шараға Қазақстанның барлық өңірлерінің тауар өндірушілері қатысады. Келесі аптада, 12-13 қыркүйекте Жамбыл облысының тауар өндірушілері «Мега» СОО алдындағы алаңда, ал Оңтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері Тұран даңғылындағы «Астаналық» саябақта жәрмеңке өткізеді.
19-20 қыркүйекте «Мега» СОО алдындағы алаңда Павлодар облысының, ал Тұран даңғылындағы «Астаналық» саябақта Атырау облысының тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.
Келесі аптада, 26-27 қыркүйекте «Мега» СОО алдындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысының өнімдері ұсынылса, Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке Тұран даңғылындағы «Астаналық» саябақта өтеді.
3-4 қазанда Ақтөбе және Алматы облыстарының жәрмекесі, 10-11 қазанда Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарының, ал 17-18 қазанда Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana.kz.