Елордада ауылшаруашығы саласындағы инспекциялау шаралары жөнінде баспасөз мәслихаты өтті

ыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрлық-өнеркәсіптік кешенін (АӨК) инспекциялаудың ағымдағы жайы

Елордада ауылшаруашығы саласындағы инспекциялау шаралары жөнінде баспасөз мәслихаты өтті

мен республикадағы эпизоотиялық және фитосанитарлық жағдайды тұрақтандыру бойынша қолданылған шаралар жөнінде баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республика бойынша ірі қара мен қой, ешкінің сарып ауруына шалдығуының орташа көрсеткіші 2,3 және 0,2 пайызды құрайды. Қаңтардың 1-інде жануарлардың осы аурудың өткен жылдан ауысқан 183 ошағы, оның ішінде ірі қараның 47, қой мен ешкінің 136 ошағы болды. Осыған орай жергілікті жерлерде ветеринарлық заңдылықтардың талаптарын орындамаған әртүрлі дәрежедегі әкімдерге және жануарлардың иелеріне қатысты әкімдік-құқықтық шаралар қолдану жөнінде науқан жарияланған болатын.

«Қызылорда облысының, Арал ауданындағы «Ақирек», «Октябрь» ауыл округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 9072 теңге және 6480 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жаңақорған ауданының 3 ауылдық округінің әкімдеріне жануарларды бірдейлендіруді өз уақытында ұйымдастырмағаны үшін 4 нұсқама, ал Қармақшы ауданының ауылдық округі әкімдеріне 12 нұсқама берілді. Ақмола облысының барлық аудандарының, Көкшетау, Степногор қалаларының әкімдеріне облыстың бас мемлекеттік инспекторы 2009 жылғы 15 кыркүйекке дейін меншіктің барлық түріндегі жануарларды бірдейлендіру бойынша шараларды аяқтау туралы нұсқама берді. Сондай-ақ осындай нұсқамалар тағы бірқатар аудан және ауыл әкімдеріне берілді», - деп атап өтті ҚР АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов.