Елордада автобус жолақтарына қатысты онлайн дауыс беру басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада автобус жолақтарына қатысты онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елордада қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесі бойынша онлайн-дауыс беру басталды. Осыған байланысты біз қала тұрғындары мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында аталған жаңалықты енгізуге қалай қарайтындығы туралы сауалнама жүргізуді ұйғардық», - деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты CTS компаниясы.
Айта кетейік, қалада Абылай хан даңғылы бойымен А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде пилоттық жоба аясында қарбалас сағаттардан тыс уақытта шектеу көзделмеген арнайы автобус жолағы енгізілген болатын. Автомобильдерге автобус жолағымен таңғы сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруге тыйым салынады.
Сауалнамаға қатысу үшін қала әкімдігінің сайтына өту қажет.