19:13, 04 Наурыз 2025 | GMT +5
Елордада автобус жүк көлігін соғып, жолаушылар жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM – Көлік апаты елордадағы Ұлы дала даңғылында болды. Төтенше жағдайдың мән-жайын қалалық полиция департаментінен білген едік.

- Көлік апатына қатысты тексеру жүріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар автобусы Ұлы дала даңғылы бойымен келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігін соққан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Екі жолаушы тексеру және медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 21 ақпанда Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алған еді.
Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған.
Жол апатынан зардап шеккен 15 адам ауруханаға жеткізілді.