Елордада автобустар кейбір аялдамаларға уақытша бармайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында қалың қар түсіп, көлік жүре алмайтын көшелердегі аялдамаға кейбір қоғамдық көлік бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT-ға сілтеме жасап.

Елордада автобустар кейбір аялдамаларға уақытша бармайды

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, №2, 9, 11, 39, 80 бағдарлар қозғалысы уақытша өзгерді.

Кейбір қала ішіндегі көшелерді қар басуына байланысты қоғамдық көлік қоғалысы қиындады, сол себепті қалалық бағдарлар уақытша келесі аялдамаларға кірмейді:

№9 бағдар «Даурен» балабақшасына дейін бармайды;

№2 бағдар М. Шоқай көшесіне кірмей, Шалкөде көшесі арқылы жүреді;

№ 11 бағдар «Социум» тұрғын үй кешеніне кірмейді;

№ 34 бағдар Сарыөзек көшесіне кірмей, Қайнар көшесі арқылы жүреді;

№ 39 бағдар «Алай» базарына кірмейді;

№80 бағдар «Интернациональный» т/а және «Күйгенжар» т/а соңғы аялдамаларына кірмей жүреді.