Елордада автопаркинг шатырын қардан тазалап жүрген жұмысшы құлап кетіп, қаза тапты

АНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада автопаркинг шатырын қардан тазалап жүрген жұмысшы құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елордада автопаркинг шатырын қардан тазалап жүрген жұмысшы құлап кетіп, қаза тапты

«Астанада 12 магистралда салынып жатқан «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешенінің автопаркингі шатырындағы қарды тазалау кезінде «Шар Құрылыс» ЖШС-нің жүргізушісі құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды», - делінген ведомство ақпаратында.