Елордада «Аялаған Астана» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Аялаған Астана - 2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін байқау «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Байқауға республика тарапынан 7 мен 13 жас аралығындағы әнші балалар шақырылады.
Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.
Айта кетейік, алғаш рет «Аялаған Астана» байқауы 2013 жылы Астана қаласының 15-жылдығына аясында өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты республика бойынша жас дарынды әншілерді тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша іріктеуден өткен балалар Астанаға келіп, 2 сәуірде өтетін ақтық сынға дайындалады. Байқаудың финалы «Қазақстан» Ұлттық арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Дәстүр бойынша «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы «Детская Новая волна» халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Еске салайық, өткен төрт жылда бұл сайысқа «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары көкшетаулық Болат Батырбаев, алматылық Данэлия Төлешова және астаналық Мұхаммедәлі Жүгінісов пен Жанель Садуақас қатысқан болатын.