Елордада аялдамадан ер адамның денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада автобус алдамасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауда үйі» аялдамасында адамның қозғалыссыз жатқаны туралы қоңырау түседі.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 51 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Зорлықпен өлтіру белгілері болмаған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Видеодан алынған кадр