Елордада Аяз ата тұрғындармен бірге марафонға қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қала тұрғындары арасында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

забег1
null null
«Біздің басты мақсатымыз спортты насихаттауға, жастарды салауатты өмір салтына жаппай тартуға негізделіп отыр. Бұл шара «Күш-жігер, жастық шақ, денсаулық» тақырыбымен өтіп жатыр. Өмірде 25 жас деген адам үшін күш-жігердің толық бойына жиналған кезеңін білдіреді. Қазіргі еліміз де Тәуелсіздігінің 25 жылында күш-қайратын нығайтқан шағына жетіп отыр. Осы символдық мәні бар датаны назарға алып, жастар арасында спортты насихаттау науқанын жүргізіп жатырмыз», - деді Астана марафоншылар клубының төрағасы Талғат Ерғалиев.

null  

Оның сөзіне қарағанда, марафонға кез келген адам қатыса алады. Алдағы уақытта бұл қысқы марафонды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарда бар. Сонымен қатар марафонға қатысушылар арасында жас ерекшелігіне қарай шектеу болмайды.

null  

«Байқасаңыздар, осы спорттық шараға жастардан бастап, жасы 70-тен асқан қариялар да бар. Бұл тұрғыда жарыста бірінші келу мақсат емес, ең бастысы, марафонға көпшілікпен бірге қатысуға», - дедіТ. Ерғалиев.

null  
null  

Айта кетейік, қатысушылар 2500 метрлік қашықтықта жүгіріп өтті. Спорттық жарысқа Астана тұрғындары, сондай-ақ өзге қалалардан келген спортшылар мен шараға қатысуға ниет білдірген азаматтар қатысты. Жақсы нәтижеге көрсеткендерге грамоталар мен дипломдар тапсырылды.

 null 

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов жүгіру жарыстарына ертеден тұрақты тұрде қатысып келе жатқанын айта келе, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осындай марафон ұйымдастырлып отыр. Демалыс күні адамды сергітетін бұндай спорттық шаралардан қалмау керек. Жүйелі түрде жүгіру арқылы денсалықты шынықтыру керек. Бүгінгі марафонда да жастармен бірге соңына дейін қатысуға ниеттімін», - деді.

Шараны Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі және «Астана Желаяғы» астаналық марафоншылар клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

null null  

Соңғы жаңалықтар