Елордада аяз салдарынан 1-9 сыныптар аралығында сабақтар тоқтатылды
АСТАНА. Ақпанның 4-сі. ҚазАқпарат - Астана қаласында аяздың күрт күшеюіне байланысты мектептерде таңертеңгілік кезекте оқитын сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық анықтама қызметінің хабарлауынша, сабақтар мектептердің 1- 9-шы сыныптар аралығында тоқтатылды. Қазіргі уақытта елордадағы орташа ауа температурасы - 27 градус.
Түстен кейін оқитын сыныптар үшін шешім сол уақыттағы жағдай бойынша қабылданады.