Елордада аяз салдарынан таңертеңгілік кезекте оқитын 1-9 сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Астана қаласында аяздың күрт күшеюіне байланысты мектептерде таңертеңгілік кезекте оқитын сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды.

 Елордада аяз салдарынан таңертеңгілік кезекте оқитын 1-9 сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды

Қалалық анықтама қызметінің хабарлауынша, сабақтар мектептердің 1- 9-шы сыныптар аралығында тоқтатылды. Қазіргі
уақытта елордадағы орташа ауа температурасы -28 градус.

Түстен кейін оқитын сыныптар үшін шешім - сол уақыттағы жағдай бойынша қабылданады.