Елордада аяздарға байланысты № 26, 13, 35, 16, 47 бағдарларындағы автобустар жұмыстарын уақытша тоқтатты
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты, адамдар ең көп жүретін бағдарларда жолаушылар тасымалын тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында
16-18 желтоқсан аралығында жолаушылар саны аз - № 26, 13, 35, 16, 47 автобус бағдарларының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, қаламаңы бағытындағы Қосшы және Жібек жолы ауылдарына билет құны 100 теңге тұратын № 43 және № 37 экспрестік автобустар ұйымдастырылды.