Елордада «Әйелдердің саяси өрлеуі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті
Басылым Ләйлә Ахметова бастаған бір топ авторлардың еңбегімен жарық көріп отырғандығын атап өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов «бұл кітаптың кәсіподақтарға беретін пайдасы өте зор. Онда әйелдердің қоғамдағы, еңбек нарығындағы, саясаттағы алар орнына талдау жасалып өз талаптарын іске асыруда қандай кедергілер мен мүмкіндіктердің барлығына толық талдау жасалған», деді.
Кітапта Қазақстандағы әйелдер және гендерлік саясат мәселелерінің теориялық-әдістемелік, әлеуметтік-эмперизмдік сараптамаларының қорытындысы келтіріліп, әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі желілерін құру және оның қызметі бойынша әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының жұмыс тәбірибелері туралы баяндалған. Еңбеккер әйелдердің мәселелерін шешудегі ҚР Кәсіподақтар федерациясының қызметі жайында мысалдар келтірілген.