Елордада аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 13 мамырынан 1 қазанына дейін «Қазақстан» сауда кешені мен «Алай» сауда ойын-сауық орталығының алаңдарында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланған.

Жәрмеңкелерді өткізу орындары ретінде «Қазақстан» СК және «Алай» СОСО-ның автотұрақ алаңдары белгіленді.

30 мың тоннадан астам өнім ұсынылады, ең алдымен, жылқы, сиыр, құс еті, сүт өнімдері, жарма түрлері, қант, бал, балық және тағы басқалар бар.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, шараның музыкалық сүйемелдеуін облыстардың шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

Жәрмеңке екі күн қатарынан өтеді, елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатып ала алады.

2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады, одан кейін кесте бойынша өткізіледі (жәрмеңкелердің кестесі тіркелген).
Үш жәрмеңкеге облыстардың барлық аудандарының 190 өңдеу кәсіпорны мен ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысады. 300 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жоспарланып отыр (Атырау облысы - 29 тонна, Батыс Қазақстан облысы - 4 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы - 265,5 тонна).

Соңғы жаңалықтар