Елордада әзірге қоғамдық көлік жүрмейді – Нұр-Сұлтан әкімдігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады әкімдіктен .

Еске сала кетсек, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктің не үшін тоқтатылғанын түсіндірген болатын.

«Штабта инфекция таралымын азайтып, жұқтыру тізбегін үзу туралы шешім қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық көлік – ауру жұқтыру қаупі бар негізгі орын. Төтенше жағдай режиміне дейін елордада күніне 750 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатын. Бұл – ауқымды көрсеткіш. Қоғамдық көлікті тоқтатқанда инфекция таралымының айтарлықтай азайғанын байқадық. Сондықтан, карантин кезінде де адамдардың денсаулығына қатер төнбеуі үшін қоғамдық көлік тоқтатылды», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Соңғы жаңалықтар