Елордада Б.Сүлейменовтің «Хан шатырындағы кездесу» атты кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында балаларға арналған мерекелік шара барысында жазушы Бейсенбай Сүлейменовтің «Хан шатырындағы кездесу» атты кітабының тұсаукесері өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Түрлі-түсті суреттерге толы, қалың мұқабалы кітапта 20-шақты ертегі бар. Оның ішінде «Тазша бала мен Күнікей қыз», «Сағынышқа толы түс ? аппақ армандар», «Өмір гүлі», «Ережесі бар ережесіз төбелес», «Сен туған күн» және тағы басқа ертегілер кірген. «Мен «Ұлан» газетінде 15 жылға таяу уақыт қызмет еттім. Ең төменгі тілшіден бастап, редакторға дейін жеттім. Мен балалармен көп жұмыс істедім. Балалар газеті маған көп мүмкіндік берді. Оның арқасында мен бүкіл дүниежүзін араладым. Қазақ журналистері арасында алғашқылардың бірі болып Латын Америкасында болдым. Онда үндістердің өмірін зерттеп, 3 кітап жаздым. Одан кейінгі өмір бүкіл Африканы түгелдей дерлік аралатты. Осының барлығы балалар газетінің маған жасаған мүмкіндігі», - деді Б.Сүйлеменов. Жазушының айтуынша, ол аталмыш кітаптың алғашқы нұсқасын ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидиноваға көрсетіп, балаларға патриоттық кітап дайындап жатқандығын жеткізген. Министрліктің көмегімен осы кітап бүгінгідей айтулы күнге дейін дайындалып, жарық көріп отыр.
Соңғы жаңалықтар