Елордада балабақшадан өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада балабақшадан өрт шықты
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

«2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған», - делінген хабарламада.
Соңғы мәлімет бойынша, өрт 16:15-те оқшауланды.

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.