Елордада балабақшаларға қабылдау 3 маусымнан басталады

Ата-аналар қажетті ақпараттарды күн сайын (дүйсенбі-жұма) 15.00-ден 18.00-ге дейін № 61 орта мектепте алу мүмкіндігі бар.
Жеңілдетілген санаттар бойынша құжаттарды жұмыс тобы биылғы жылдың 25 мамырына дейін қабылдап, осы жинақтау аясында қарастыратынын атап өткен жөн. 25 мамырдан кейін келіп түскен құжаттар 2014 жылғы жинақтау кезінде ғана қарастырылады.
Сонымен қатар Астана тұрғындары хабарламаларындағы кезектерінің нөмірін тексергені дұрыс. Егер нөмір белгіленбесе, жинақтауға келудің қажеті жоқ.
Егер балабақшаның орналасқан жері ата-ананың көңілінен шықпаса, онда жолдама алмауға болады, олардың кезегі сақталады.
Сондай-ақ, басқарма балабақшаға орынды тұрғылықты жері бойынша емес, тек орын болған кезде берілетіндігін еске салады.
Балабақшаға жинақтау 2013 жылдың 3 маусымынан басталады. Жинақтау орны: № 61 орта мектеп (Қарталы көшесі).