Елордада балалар қалашығының тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатымен Қысқы қайырымдылық балы ұйымдастырылды

 АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «SOS Астана балалар қалашығының» тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатымен Қысқы қайырымдылық балы ұйымдастырылды. Бұл шара осымен бесінші жыл өткізілуде. Биыл жиналған барлық қаржы жазғы концерт алаңының құрылысы мен тәрбиеленушілердің еліміздің жоғары және арнайы оқу орындарында білім алуына жұмсалатын болады. Төрт жыл ішінде 6 млн. теңге жиналып, қалашықтың 16 тәрбиеленушісі 8 оқу орнында білім алуда.
None
None

Бүгінгі балл «Болашақ» қайырымдылық қорының қолдауымен өткізілді.

Шараға қонақ ретінде Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерден, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, ірі және орта бизнес өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Астана балалар қалашығы 2000 жылы ашылды. Онда ата-анасының қарауынсыз қалған 80 бала тәрбиеленуде. Бұндай қалашықтар Алматы мен Теміртау қалаларында да бар.

Соңғы жаңалықтар