Елордада балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушыларына арналған мәдени шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 маусымда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара өтеді.
None
None

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» ақпараттық-имидждік жұмыс қызметі хабарлады.

Шара барысында Астана қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушыларына арналған мәдени-ағартушылық бағытта бірнеше іс-шара ұйымдастырылатын болады:

Күндізгі 12-ден 14-ке дейін «Первомайский» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясы өтеді.

14.00-15.00 аралығында Қазақстан эстрада әншілері мен Ұлттық музей қызметкерлерінің балаларының қатысуымен қайырымдылық концерті.

Ал, 15.00-18.00 аралығында балаларға арналған театрландырылған тақырыптық экскурсиялар, ойын-сауықтық, танымдық бағдарламалар (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған) ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар