Елордада «Балаларды мектепке дайындайық» шарасының аяқталуына орай мерекелік шара өтті

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың «Жастар» сарайында «Балаларды мектепке дайындайық» қайырымдылық шарасының аяқталуына орай мерекелік шара өтті,

Елордада «Балаларды мектепке дайындайық» шарасының аяқталуына орай мерекелік шара өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының «Нұр Әлем» қайырымдылық қорымен және елорданың Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірігіп қолға алған шарасы тамыздың 6-сы мен 26-сы аралығында ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты - тұрмыстық жағдайы нашар, көпбалалы отбасылардың балаларына, жетімдерге мектепке қажет бірінші сынып оқушысының алғашқы құралдарын салтанатты жағдайда тапсыру.

Игі шараға қатысуға қаладағы 70-ке жуық ұйым ниет білдіріп, мектепке балаларын дайындауға шамасы келмейтін отбасылардың шамамен 1000 бүлдіршіні қамтылғандығын атап өткен жөн.