Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері банк клиентінің шотынан ақшаның жымқырылуына байланысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция

«Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері банк менеджерінің өз қызметін пайдаланып, бірнеше ай бойы әртүрлі банктік операциялары арқылы клиенттерге тиісті ақшаны алып отырғанын анықтады. Менеджердің әрекетінен 7 адам зардап шекті. Олардан 297 мың теңге ақша жымқырылған», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Қызметін асыра пайдаланған әйел жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.