Елордада банктерден басқа барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр - әкімдік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада банктерден басқа барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр . Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Банктерді есепке алмағанда Нұр-Сұлтан қаласының барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде штаттық режимде жұмыс істеуде», - деді Ақмарал Олжабаева агенттік тілшісіне.
Айта кетерлігі, елордада сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр.
«Дегенмен, азаматтарды адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамыз. Қазір ең маңыздысы - қауіпсіздік», - деді Ақмарал Олжабаева.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.