Елордада «Барыс-Арена» құрылысы қарқынды жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада, Тұран даңғылы бойында көпбейінді мұз айдынының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Елордада «Барыс-Арена» құрылысы қарқынды жүргізілуде

Ол «Барыс» командасының жаңа үй аренасына айналады, деп хабарлады елордалық хоккей клубының баспасөз қызметінен.

«Қазіргі уақытта негізінен ғимараттың шатырын жабу жұмыстары аса қарқынды, ал ішінде қажетті барлық коммуникациялар төселуде. Спорт кешенінде шамамен 12 мың көрерменді жинай алатын негізгі мұз айдынынан бөлек сырғанау алаңы бар», - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ кешенде екі бассейн болады, оның бірі суға секіруге арналған мұнарамен жабдықталады.

Айта кетерлігі, «Барыс-Арена» спорттық кешенінің ТМД аумағында еш баламасы жоқ. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады.