15:41, 03 Тамыз 2024 | GMT +5
Елордада Бауыржан Момышұлы даңғылы үш күнге жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тағы бір даңғылда көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бауыржан Момышұлы даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қаныш Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскесінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу үшін жұмыс жүргізілетінін хабарлады.
Көрсетілген учаске 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады.
Бұл ретте автокөлік қозғалысы іргелес көшелер бойымен ұйымдастырылады.
«Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз» дейді әкімдіктен.