17:19, 05 Шілде 2009 | GMT +5
Елордада бес мерекелік концерт өтеді
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін кеште Астанада Қала күнін мерекелеу аясында бес концерттік бағдарлама ұсынылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кешкі сағат 19-да Конгресс-Холлда танымал эстрадалық әндердің «Ән мен әнші Астанада» концерті болады.
Сағат 20-да қала алаңында «Астанаға шашу» бағдарламасы басталады. Осы уақытта «Достық» спорт комбинатында қазақ эстрадасының әртістері «Туған күніңмен, Астана» мерекелік бағдарламасында өнер көрсетеді.
Сағат 21-де Есіл өзенінің жағасында «Өзен үні» атты аспаптық музыка кеші өтеді. Сонда Б.Момышұлы атындағы саябақтың амфитеатрында «Астана - Отанымыздың жүрегі» мерекелік бағдарламасы көрсетіледі.