12:24, 24 Сәуір 2023 | GMT +5
Елордада беймәлім ер адам кранның басына шығып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада белгісіз ер адам кранның басына шығып алған. Қазір оның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 сәуір сағат 11.39-да «102» арнасына белгісіз ер адамның кран мұнарасына шығып алғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзушы іс-әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, өткен жылы Астанада осыған ұқсас жағдай болған еді. Кейін кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды.
Ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған.