Елордада бейнелеу өнері дамуының жарты ғасырлық тарихын сипаттайтын көрме ашылды
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Елордада Тәуелсіздік сарайында Қазақстанда бейнелеу өнері дамуының жарты ғасырлық тарихын сипаттайтын «От соц.реализма до модерна» көрмесінің тұсауы кесілді.
Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.
Қазіргі заман өнері галереясында еліміздегі бейнелеу өнерінің 60-шы жылдардан осы күнге дейінгі туындылары қойылған. Көрермендердің назарына көркем сурет, мүсін, декоративтік-қолданбалы өнердің 100-ден астам еңбегі ұсынылған.
Экспозицияға О.Таңсықбаев, Р.Вико, А.Исмайлов, Л.Фролов, К. Кузнецов ссияқты суретшілердің соц.реализм стилінде салынған, коммунистік қоғамды құруға және Қазақстанның табиғатына арналған 60-шы жылдардағы туындылары шығарылған. М.Калимовтың 70-ші жылдардағы «Лиза» портреті мен «Балбал» камералық еңбектері, Р.Сахи пейзажы, Е.Төлепбаев, Ж.Натбаев және К.Амановты 80-ші жылдардағы полотнолары қойылған.
Бұдан басқа, А.Ақанаев, Н.Бубэ, С.Смағұлов және А.Есдәулетовтің ХХ ғасырдың соңындағы шығармашылық жұмыстары ұсынылған.
Экспозицияға қойылған картиналардың басым бөлігі соңғы он жылдың ішінде салынған. Олардың авторлары - Г.Қаржасов, А.Смағұлова, Б.Бурдесбеков, А.Қазығұлов, М.Сыдықов, А.Есімова, А.Құлбай, А.Дузельханов, З.Қожамқұлов, А.Шахмардан сынды суретшілер.
«Көрмеге Р.Ахметжанованың декоративтік-қолданбалы өнер туындылары - ши, З.Смағұлова мен Д.Қастееваның осы күндері тоқылған түс кілемі қойылған. Шеберлер қазақтың ежелгі материалын қазіргі заманға сай үлгіде дизайнерлік және интерьерлік әсер бере отырып, пайдалана білген»,- дейді ұйымдастырушылар.
Астаналық мүсіншілер Т. Ермеков пен К. Нұрбатыров ұсақ пластиканы қолданған.
Көрме Тәуелсіздік сарайында 15 тамызға дейін жалғасады.