Елордада биден Қазақстанның ашық біріншілігі басталды

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Спорттық биден ҚР ашық біріншілігі басталды,

Елордада биден Қазақстанның ашық біріншілігі басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Спорттық билер федерациясы, Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Би одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Мастер Класс» спорттық би клубы ұйымдастырып отырған шара 3 күнге созылады. Турнирге 5-тен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ жасөспірімдер мен ересектер қатысады. Олар латино-американдық және еуропалық бағдарламалар бойынша жарысқа түседі. «Бүгін жарыстың алғашқы күні. Қазір би алаңына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам ең кішкентай қатысушылар шығады. Оларды бағалайтын қазылар алқасының құрамында Голландияның, Қырғызстанның, Ресейдің және Өзбекстанның өкілдері бар. Аталмыш шараның мақсаты ? жастар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау, оларды ішімдік пен шылымға қарсы тұруға тәрбиелеу және ең бастысы, Қазақстанда би өнерін дамыту», - деді «Мастер Класс» би клубының президенті Әлия Түсіпбекова.