Елордада биік үйден құлаған құрылысшыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада салынып жатқан тұрғын үйден құлаған құрылысшыға дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуде.
Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«20 мамырда №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен 1984 жылы туған науқас жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, ол 10 метр биіктіктен құлап түскен. Ауруханаға түскен кезде науқас ес-түссіз күйде болды. Реанимациялық шаралар дереу басталды. Алдын ала диагноз: бастың жабық жарақаты. Науқаста сонымен бірге дененің түрлі жарақаттары бар. Науқас барша медициналық қызметкерлердің бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі»,- деп атап өтеді ведмостводан.
Бұған дейін елордада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінің 10-қабатынан жұмысшы құлап кеткенін хабарлаған едік.