11:38, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Елордада «Білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» атты X ғылыми-тәжірибелік конференция басталды
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» атты X ғылыми-тәжірибелік конференция басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еліміздің белгілі ғалымдары қатысып жатқан мәслихатта отандық білім беру саласының өзекті мәселелері, оның ішінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану, жастарға білім беру жұмысын жетілдіру, сондай-ақ қашықтан оқыту жүйесін енгізудің проблемалары талқылануда. «Бүгінде біз еліміздің білім беру саласына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысына шетелдік ғалымдарды кеңінен тартудамыз. Негізі, бізде бәрі бар ? жаңа ақпараттық технологиялар және оның іске асыратын мамандар. Ендігі жерде, басшылықтың қолдауы болса, осы бағыттағы игі бастамаларды жүзеге асыруға әбден болады», - дейді профессор, қашықтан оқыту жүйесінің авторы Алтынбек Шәріпбаев.