Елордада білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер талқыланды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ халықаралық конференция өтті.
None
None

«Бүгінгі конференция аясында қазіргі кездегі көкейкесті үш тақырып бойынша секцияларға бөлініп, талқылаулар жүргіздік. Біріншісі - «Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер», екінші тақырып - «Инклюзивті білім: перспективалары және мәселелері» және соңғысы - «Білім берудің құрылымдық реформалары жағдайындағы педагогикалық өлшемдер». Атап айтқанда, білім беру жүйесіндегі инновациялар бағытында жалпы білім беретін мектептердегі мемлекеттік жалпыға міндетті жаңартылған білім мазмұнындағы стандарт талқыланды. Сонымен қатар осы жүйедегі сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарына, кәсіптік оқу орындарында мамандар мәселесі қаралып, олардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуі және оның ішіндегі мазмұндық бағыттар бойынша жаңарту шаралары талқыланды», -деді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Есенкелді Тұяқов.

Оның сөзіне қарағанда, конференцияда Ресей, Германия, Финляндия және АҚШ-тан келген мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасуда.

Мұнымен қоса, конференцияға қатысушылар білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы мұғалімдерді кәсіби даярлау мен педагогтар және білім саласындағы менеджерлердің инновациялық қызметі туралы мәселелерді талқылады.

Шарада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жылбаев, DAAD лекторы Штефан Кель (Герамания) баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар