08:45, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Елордада бір азамат пен 4 бала иіс тиіп уланып қалды
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Елордада бір азамат пен 4 бала иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, төтенше оқиға «Алматы» ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Қатты отынмен жанатын пештің ақаулы болуы салдарынан иіс тиген 34 жастағы азамат пен 10, 7, 5 және 2 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді.