05:09, 26 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Елордада бір бөлмеде тұрған адамның ақшасын ұрлаған келіншек ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында ақша ұрлау күдігімен 35 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тергеу барысында күдіктінің ұзақ уақыттан бері Тархан көшесінде орналасқан үйлердің бірінде бір әйелмен бірігіп бөлме жалдап тұрағандығы анықталдық. Кешкі уақытта үйге келген ол бөлмеде бірге тұратын көршісінің тумба үстінде тұрған әмиянын байқайды. Бөлмелесінің жоқ екендігін пайдаланған ол әмияндағы ақшаны ұрлап алған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасаған қылмысын мойындап отыр. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында жасалған дәл осындай өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.