Елордада бір күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Елордада бір күннің ішінде 21 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында елордада бір күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 260 фактісі анықталды. Оның ішінде 21 жүргізуші рульге мас күйде отырғаны үшін ұсталды. Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Мұнан бөлек, рейд барысында 50-ден астам жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталса, жүргізушілер тарапынан қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 30-ға жуық факті тіркелді.

Айта кетейік, жұмадан бастап жексенбіге дейін елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар