Елордада бір күнде 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынған
«Қазіргі таңда құқық бұзудың мұндай түрі көшедегі камералар арқылы автоматты режимде де, полиция қызметшілерінің қадағалауы нәтижесінде де анықталады. Әрине, азаматтардың хабарлауы арқылы да белгілі болып жатады. Егер мұндай әрекетке куә болсаңыз, тәртіп бұзылған сәтті фото немесе видео түрінде тіркеп, «102» мобильдік қосымшасы арқылы мәлімдеуге болады», - деді ол брифингіде.
Айтуынша, қоғамдық тәртіп бұзудың аталған түрі көбінесе көшедегі камералар арқылы анықталады.
«Кешегі бір күннің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция қызметкерлері дәл осы түкіру әрекетіне жататын 23 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. Олардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған 23 жайттың 17-сі көшедегі камераға түсіп қалса, алтауын полиция қызметкерлері тіркеген», - деді Арман Айтмағаметов.