20:04, 28 Қаңтар 2023 | GMT +5
Елордада бір күнде есірткі сату мен сақтауға қатысы бар 5 адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын жеткізуді және өткізуді жүзеге асырған қылмыстық топ жұмысының жолын кесті. Бұл турал ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Топтың ұйымдастырушысы бұрын сотталған 37 жастағы ер адам. Оның пәтерін тінту барысында сатуға дайындалған 8 келі гашиш, электронды таразы, аузы жабылатын полиэтилен қапшықтар және 450 000 теңге тәркіленді.
Бұдан әрі жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, есірткіні сақтаған, буып-түйген және сатумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды.
Полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі заттарын немесе 46 мыңнан астам бір реттік дозаны тәркіледі.
Барлық ұсталғандар қамауда, қылмыстық істер қозғалды.