Елордада бір тәулік ішінде карантинді бұзған 31 факт анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәулік ішінде елорда полицейлері карантин талабын бұзған 31 фактіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада бір тәулік ішінде карантинді бұзған 31 факт анықталды

«Нұр-Сұлтан қаласы полицейлері карантин режимін сақтау бойынша шараларды қабылдауды жалғастыруда. Талаптарды бұзуға жол бергізбеу мақсатында тиісті нысандарға ерекше мән беріп отыр. Осы орайда көңіл көтеретін орындар, дәмханалар мен мейрамханалар, караоке, бар, сауда орындары қамтылған. Полиция күн сайын кәсіпкерлік субъектілері бойынша рейдтер жүргізіп, карантинді бұзғандарды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуда», - делінген қалалық Полиция департаменті мәліметінде.

Белгілі болғандай, бір тәулікте кәсіпкерліктің 132 нысаны тексерілген. Ерже бұзғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, 13 қазан күні «Мафия» ойын клубында карантин талабын бұзу фактісі анықталды, ондағы тар жерде кәмелетке толмаған 10 бала болған.

Бұл тұрғыда Полиция департаментінің өкілдері карантин режимін бұзылғандар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.