Елордада бір тәулікте карантин тәртібін бұзған тағы 10 мекеме анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мобильді топтары карантин талаптарын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда. Қалалық мекемелерде көбінесе бетперде, әлеуметтік қашықтық және белгіленген жұмыс тәртібі сақталмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап..
None
None

Өткен тәулікте мобильді топтар карантин режимін бұзған 10 кәсіпкерлік субъектіні анықтады. Есіл ауданында төрт дүкенде бетперде режимі сақталмаған, оның ішінде «Red mart» шағын маркеті, «Аяла» азық-түлік дүкені, «Bari bar» шағын маркеті және «Ваш маркет» супермаркеті бар. Сонымен қатар, белгіленбеген уақытта «Панаехали» бары мен «Хан Талапай» банкет залы келушілерге қызмет көрсетті.
Сарыарқа ауданында орналасқан «Диона» дүкенінің екі филиалы да белгіленген режимді бұза отырып жұмыс істеді.

Сондай-ақ Алматы ауданындағы «Мята» лаундж бары мен Байқоңыр ауданындағы «Кино тайм» мекемесі карантин режимін бұзды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шара қабылдау және оларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айта кету керек, елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Карантин режимін бұзуға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып келеді.

Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды және карантин талаптарын қатаң сақтауы, талапты қайта бұзуға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өздері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы, сол сияқты санитарлық дәрігердің кеңесін толық орындап, өзін және өзгелерді қауіптен сақтауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар