Елордада бір түнде 20 мың текше метр қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бүгін түнде қар жинау жұмысына 729 арнайы техника мен 150 жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні қаладан 20 467 текше метр қар шығарылды (1706 рейс).

Ал, бүгін қар тазалау жұмысына 974 арнайы техника мен 1663 жол жұмысшысы шықты.

Қыс маусымы басталғалы 1 446 026 текше метр қар шығарылды (120 502 рейс).


Соңғы жаңалықтар