Елордада бірінші халықаралық қару-жарақ, әскери техникалар және әскери-техникалық мүліктер көрмесі өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Мамырдың 26-сы мен 29-ы аралығында елордада «KADEX - 2010» (Kazakhstan Defence Exposition) атты бірінші халықаралық қару-жарақ, әскери техникалар және әскери-техникалық мүліктер көрмесі өтеді.
Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, көрме қару-жарақ, әскери техникалар, IT-технология, байланыс, тылдық мүліктер, медицина, құрылыс және инфрақұрылым тақырыптары бойынша өтеді.