Елордада бірінші қазақстандық мейкатон қорытындысы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «ТОМ: Қазақстан» бірінші қазақстандық мейкатонның қорытындысы шығарылып, ақтық сынға шыққан командалар шараның соңғы нәтижелерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null  null

«ТОМ- бірегей жоба. Мұнда мамандығы мен көзқарасы сан алуан адамдар бас қосады. Оларды ортақ бір ғана мақсат - әлемді жақсарта түсу ниеттері тоғыстырады. ТОМ мейкатоны - бұл әлеуметтік кәсіпкерлік үшін идеялардың пайда болатын алаңы. Біз адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін береміз. Жобаның жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз жобаларын дамытуға мүмкіндік алады. бұған қоса елімізде оны жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктері жасалған», - деді «Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сәния Арапова.

null 

Оның айтуынша, ERG компаниясының қолдауымен еліміздің 4 өңірінде «Бастау» бизнес-лагерь жобасы кезеңдерінің бірі «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы іске асырылуда. Мейкатонда жүлделі орын алған жастар аталған лагерьге қатысып, жүлде қоры 750 мың теңгені құрайтын еінші орынды жеңіп алған.

null 

Айта кетейік, «ТОМ: Қазақстан» - бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар мен өнертапқыштарды біріктіретін халықаралық әлеуметтік жоба. Ал мейкатон ТОМ - бұл 72 сағаттық марафон. Онда өнертапқыштар, инженерлер мен жаңалық табушылар мүмкіндігі шектеулі адамдармен бірлесіп, мүгедектердің қоғамға бейімделуіне жол ашатын, жасалуы оңай, бағасы қолжетімді дүниелер жасалады.

null null 

Соңғы жаңалықтар