Елордада бірқатар қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 желтоқсаннан бастап бірқатар қалалық бағдардың  қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

 Елордада бірқатар қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгерді

«Қырқыншы» теміржол стансасы аумағында орналасқан Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансердің жаңа ғимаратының пайдалануға берілуіне байланысты №22 автобус бағдарының аталған денсаулық сақтау нысанына дейінгі жекелеген қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізіледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы қалалық жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасап.

Өзгертілген қозғалыс сызбасының бағыты № 22а деп белгіленеді.

№ 22а бағдарының қозғалыс сызбасы: «Теміржол вокзалы» бастапқа аялдамасынын «КазГерСтрой» ЖШС» аялдамасына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі - Ж. Жабаев көшесі - Екібастұз көшесі - Еркіншілік ауылы бағытында тас жол - Туберкулезге қарсы диспансерге кірме жол - соңғы аялдама «Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансер». Кері бағытты ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша. («Железнодорожный т/а соңғы аялдамасына кірмейді»).

Сондай-ақ, басқармада мәлімдегендей, «Көктал-2 т/а» аумағында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (АХҚКО) дейін қосымша көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында №4 қалалық бағдардың жекелеген қозғалыс кестелері ұзартылады.