19:50, 11 Наурыз 2017 | GMT +5
Елордада бірқатар көше тұрғындары сусыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада диметрі 1000 милиметрлік магистралды су құбыры тесіліп, бірқатар көше тұрғыны сусыз қалды. Бұл жайында Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы ауданының құрметті тұрғындары! Иманов пен Брусиловский көшелерінің қиылысында диаметрі 1000 милиметрдік магистральды су құбыры тесілді. Су ағып жатыр. Қазіргі уақытта Асан қайғы көшесінен Жұбановқа дейін аталған су құбырын ажырату шаралары қабылданған. Судың ажырауына және қысымның бұзылуына байланысты Иманов көшесі, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер және жеке сектор сусыз қалды. Астана су арнасының бригадасы оқиға орннында және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Су құбырының бүлінуіне кінәлі құрылыс ұйымына қатысты заңнамада көзделген барлық жауапкершілік шаралары қабылданатын болады. Демалыс күнгі қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп жазды Алматы ауданының әкімі.