Елордада бірқатар тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Елордада бірқатар тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елордада бірқатар тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді

Естеріңізге сала кетейік, құбырдың жарылуы қыркүйектің 7-сі күні таңертеңгі 10 сағат 15 минутта Алматы ауданына қарасты Спецмонтажная көшесінде орын алған еді. Апат салдарынан Угольная, Литейная көшелері, Кирпичный тұрғын алқабы мен 1-ші Жылу электр орталығы сусыз қалды.

Қазіргі таңда бұл үйлерге су беру толығымен қалпына келтірілді.

«апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, сумен жабдықтау толығымен қалыпан келтірілді», делінген ведомство ақпаратында.

Төтенше жайды жоюға «Астана су арнасы» мекемесінің 10 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.